Елордада әуесқойлар арасында жүгіруден жарыс өтті

509

Шара соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен, медальдармен марапатталды. 

Елордада әуесқойлар арасында жүгіруден жарыс өтті Фото: gov.kz

Астанадағы ботаникалық бақта "Astana run challenge" 10 шақырым қашықтықтағы жарыстар сериясы басталды. Оған 400-ге жуық Астана тұрғыны мен қала қонақтары қатысты, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шара үш бәсекелі жарыстан тұрды. Оның бірінші кезеңі бүгін Ботаникалық бақта басталды.

Екінші кезеңі 20 тамызда – Орталық саябақта, ал финал 17 қыркүйек күні Триатлон саябағында өтетін болады.

"Астана тұрғындарын жүгірудің алғашқы кезеңіне қатысуларымен құттықтаймын! Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарамыз қаламыздың кереметтей саябақтарының бірінде өтіп жатыр. Жүгіру жарысын осындай форматта, елорданың саябақтарында өткізуіміз ешкімге кедергі жасамаймыз. Бүгінгі әрбір қатысушыға сәттілік пен жеңіс тілеймін!" — деп Астана қаласы бойынша Триатлон федерациясының президенті Евгений Больгерт өзінің ықыласын жеткізді.

Спорттық іс-шараны тек тұрғындар ғана емес, Астанадағы Индонезия елшілігінің қызметкерлері де қолдап, қатысты.

Әрбір кезеңде жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады: 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жастан асқандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу