Елордада Әуезов көшесі жартылай жабылды

889

Осыған байланысты осы жылдың 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.     

Елордада Әуезов көшесі жартылай жабылды

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әуезов көшесінде Дүкенұлы көшесінен Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз",–делінген басқарма хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу