Елордада аукционды блокчейн арқылы жүргізу жоспарлануда

1006

Елордада аукционды блокчейн арқылы жүргізу жоспарлануда

Биылдан бастап Астанада бизнес үшін берілетін жер телімдеріне жүргізілетін аукцион электронды форматқа көшіріліп, онлайн жүргізілетін болады, деп хабарлайды elorda.info.

Аукционды блокчейн арқылы жүргізу конкурсқа адамның қатысуын болдырмайды, деді "Астана" ӘКК" ҰК басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Астанада сауда орындарына конкурстар келесі түрде өткізіледі: ақпарат  Смарт Астана http://www.smart.astana.kz/, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана әкімдігі мен "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сайтында жарияланып, екі апта бойы сайтта тұрады.

"Оған кез келген адам тіркеліп, өзін қызықтырған белгілі бір учаскеге өтінім бере алады. Ал егер белгілі бір учаскеге сұраныс көп түссе, мысалы төрт немесе одан көп кәсіпкер бір жерге өтінім беретін болса, біз онда аукцион өткізетін боламыз", - деді Н.Жақыпов.

Оның айтуынша, бұрын аукцион адамдардың қатысуымен және бағаны көтеру әдісімен өткізіліп келген.  Яғни, кім жоғары баға ұсынса сол жеңіске жететін.

"Енді қалай өткізілетін болады дегенге келетін болсақ, оның барлығы адами факторды болдырмас үшін электронды форматқа ауысады. Біз онда белгілі бір жерге 4-тен көп өтінім түскенін көрсек еВау халықаралық аукционы сияқты блокчейн платформасы арқылы онлайн өткізетін боламыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу