Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

753

Келесі жәрмеңке 24-25 қазанда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда өтетін болады.

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде Фото: astana.gov.kz

"Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен.

"Жылқы еті мен қазының бағасы –  2 100 теңге. Бұл баға тұрғындарға қолжетімді деп ойлаймын. Біз ет өнімін Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым қашықтағы шаруашылықтан әкелеміз. Сатып жатқан өнімдеріміз көптің көңілінен шығады деген сенімдеміз", – деді саудагер Гауһар Жантыбаева. 

"Қыстың алдында осындай жәрмеңкелер жиі болып тұрады. Бұл қалтамызға өте қолайлы. Мысалы, картоптың келісін 110 теңгеден сатып алдым. Осындағы сауда дүкендеріне қарағанда мұндағы баға едәуір тиімді. Осындай жәрмеңке жиі болып тұрса біз тек қуанамыз", – деді қала тұрғыны Рустем Мыңасаров

Айта кетсек, жәрмеңкеде барлық карантин талаптары сақталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу