Астанада ауыл жастарының IV форумы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" теларнасына сілтеме жасап.
Ауылдарды дамытуға жастар да өз үлесін қосуды қалайды. Осы мақсатта Астанада ауыл жастарының белсенді өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және студенттік амбудсмендер бас қосты.
Форум аясында олар елді-мекендерді дамыту бойынша ұсыныстарын ортаға салып, "Ауыл" партиясының жастар қанатын дамыту жайын талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұсыныстар партияның бағдарламалық құжатына енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу