"Аспан" басшылығы жәрмеңкеге қатысушыларға ақысыз орын ұсынады", - дейді "Аспан" базарының атқарушы директоры Айтуған Құлмахамбетұлы.
Тауарларды сататын кәсіпкерлер барлық жағынан қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Сөрелерде көкөністер мен жемістер нарық бағасынан төмен сатылуда.
"Біз бұл мүмкіндікке ризамыз. Қияр мен қызанақ қымбат емес. Мысалы, қияр бағасы 350-400 теңге, басқа базарлармен салыстырғанда тиімді", - дейді кәсіпкер Лира Ілиясова.
Сіз сондай-ақ, сүт өнімдері мен жоғары сортты етті арзан бағамен сатып ала аласыз. Ақмола облысының шаруа қожалықтары мен "Бакара" ЖШС сиыр етінің келісін 1750 теңгеден ұсынады.
"Ірі қара еті 1750 теңгеден сатылуда. Жылқы етінің бағасы 1900 теңгеден. Бұған дейін сиыр еті 2000-2200, жылқы еті 2400 теңгеден сатылатын. Жәрмеңкеде біз бағаны төмендетеміз", - дейді кәсіпкер Райхан Шаданова.
Жәрмеңкенің тұрақты келушілері жақын маңдағы тұрғындар.
"Біз жақын маңда тұрамыз. Бағасы арзан болған соң осында келеміз. Бұл жерде қырыққабат пен пияздың бағасы 80 теңге. Бағалар жақсы", - дейді елорда тұрғыны Венера Изеева.
Ақмола және Қарағанды облыстарының фермерлері азық-түлік өнімдерін әкеледі.
"Біз осы ауданда тұрамыз. Жәрмеңке туралы естіп, бағаларды басқа орындармен салыстырдық. Өте тиімді және қол жетімді. Бүгін ұн мен май алуға келдім. Мұнда бәрі көтерме бағамен және өте арзан", - дейді Бауыржан Даниярұлы.
Жәрмеңке апта сайын сенбі мен жексенбіде өткізіледі. Ұйымдастырушылар келушілер санитарлық нормаларды қатаң сақтау керегін ескертеді.