23 қарашадан бастап әр аптаның сенбі және жексенбі күндері елордада еліміздің өңірлерінен келген тауарөндірушілер қатысатын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
"Жәрмеңке әрбір сенбі және жексенбі күндері "Зейд" сауда үйі эко-базары алаңында (Ш.Уалиханов және Ағыбай батыр көшелерінің қиылысында) және "Аспан базар" сауда үйі (Қошқарбаев к-сі 37, Жұмабаев көшесінің қиылысы) мекенжайында өткізіледі",– қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жеміс-көкөніс өнімдері, сиыр мен жылқы еті, құс еті, сүт және балық өнімдері аймақтардағы тауар өндірушілердің бағасымен сатылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу