Елорданың қоғамдық көлігін залалсыздандыруға күн сайын 2400 литр ерітінді пайдаланылады, деп хабарлады CTS.
Мегаполисте күнделікті ауысым біткеннен кейін қоғамдық көліктерде дезинфекция жасалады. Одан өзге соңғы аялдамаларда жүргізушілер залалсыздандыратын ерітіндімен ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе автобус тұтқалары, турникеттер, яғни жолаушылар жиі ұстайтын жерлер сүртіледі.
Компания ақпаратына сүйенсек, жолаушылар күніне 662 литр антисептик қолданады екен.
⠀
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу