Елордада автокөлікті электрмен жылыту жобасы іске қосылды

1450

Пилоттық жобаны Азия даму банкі мен Нұр Сұлтан қаласының әкімдігі төмен көміртекті қалаларды дамыту бастамасы аясында іске қосты.  

Елордада автокөлікті электрмен жылыту жобасы іске қосылды

Елордада қыста автокөлік жылытатын инновациялық құрылғы орнатылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Аталмыш құрылғы электр қуатымен жұмыс істейді. Жабдықты автомобильге сертификатталған маман орнатуы немесе зауыттан шыққанда орнатылуы тиіс. Жалпы, бұл технология Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ол қала экологиясын жақсартуға септігін тигізбек. Мәселен, қыстың суық күндері тұрғындар қозғалтқышты және салонды жылыту үшін автомобилді ұзақ уақыт қыздырады. Бұл шамадан тыс жанармай, қаржылық шығындарға, қозғалтқыштың тозуына және парниктік газдар мен зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына әкеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу