Елордада Аяз атаның резиденциясы жұмысын бастады

1000

Елордада Аяз атаның резиденциясы жұмысын бастады

Бүгін Астанада мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен алғаш рет елорда саябағында Аяз ата резиденциясы өз жұмысын бастады деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Аяз ата жаңа жылдың басты кейіпкері болып табылады. Оны әр елде әр түрлі атайды. Бар әлемнің балалары армандарды орындаушы атаға хатты да әр түрлі мекен-жай бойынша жазады. Сондай-ақ, балалар Аяз атаның резиденциясына саяхат жасайды екен.

Бүгін елорда саябағының аумағындағы ерекше үйде барлық келушілерді Аяз ата, Ақшақар мен Олаф есімді көңілді аққала қарсы алды.

Ертегі кейіпкерлері кішкентай қонақтарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған болатын. Аяз атаның үйінде келушілердің барлығы естелік суретке түсті. Балақайлар Аяз атаға тақпақтары мен әндерін айтып, өзіне тиесілі тәтті сыйлығын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу