Алдағы күндері елордада аязды ауа райы тұрақтайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
12 қарашада күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыс пен батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19 °C, күндіз -8...-10 °C құрайды.
Сейсенбі, 13 қарашада күн бұлтты болып, аздаған қар жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыс пен батыстан соғатын жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -12...-14 °C, күндіз -8...-10 °C суықты көрсетпек.
14 қарашада да күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11...-13 °С, күндіз -5...-7 °С.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу