Елордада азаматтардың 67%-ы КВИ-ға қарсы екпе алды

581

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекцияға қарсы екпені (1-компонентпен) азаматтардың 66,9%-ы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.  

Елордада азаматтардың 67%-ы КВИ-ға қарсы екпе алды

"Қалада барлығы 433 мыңнан астам азамат бірінші компонентпен егілді, 393 мың адам толық иммундаудан өтті", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, елордада қазіргі уақытта сауда ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: "Керуен" сауда ойын-сауық орталығы, "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" және "Евразия" сауда үйлері, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында және "Нұрлы жол" теміржол вокзалында. Вакцинация пунктері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу