Астана әкімдігі Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елордада бағаның көтерілуінің басты себебін атады, деп жазады inbusiness.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, бағаның көтерілуіне делдалдық схемалар себеп болып отыр.
"Негізінен бағаның өсуіне делдалдық схемалар әсер етеді. Бұл жерде айта кететін жайт, өндірушілердің өздері көтермейді, бірақ делдалдық схеманы жасайтын бөлшек саудагердің арасында тұрған делдалдар", деді Мақсат Жаңабаев
Ол тауар құнының 40-тан 50%-ға дейін делдал болып табылатынын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу