Елордада азық-түлік қоры жеткілікті – Ерлан Бекмырзаев

1127

Карантин енгізілгеннен бері қалаға 40 мың тонна тауар әкелінген.

Елордада азық-түлік қоры жеткілікті – Ерлан Бекмырзаев

Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Ерлан Бекмырзаев елордадағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іске асырылып жатқан шаралардан хабардар етті. 

"Карантин енгізілген сәттен бастап қалаға 40 мың тоннаға жуық тауар әкелген 3800 жүк көлігі жасыл дәліз арқылы кірді. Оның ішінде азық-түлік өнімдері 14315 тоннаны құрайды. Бұл – желілер мен базарлардың қазіргі сатылым көлеміне сәйкес келеді. Бүгінде елордада азық-түлік қоры жеткілікті. Қазір А сыныпты ірі қоймалар саны – 5, көкөніс қоймалары – 7. Олардың барлығында азық-түлік қоры жеткілікті. Күні кеше мемлекет басшысымен сол ірі қоймалардың біріне бардық. Тауар тапшылығы байқалмайды", – деді Ерлан Бекмырзаев. 

Сондай-ақ, департамент басшысының айтуынша, қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша 30 мың тонна көлемінде қор жинақталған. Олардың 25 мың тоннасы азық-түлік қоймаларда сақтаулы. Ал 5 мың тонна қалалық тұрақтандыру қорында.  

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу