Елордада балабақша басшысы 8,5 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған

447

Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге сотталды.

Елордада балабақша басшысы 8,5 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған Фото: inbusiness.kz

"Алматы" ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеру жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

 Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу