"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған іс-шара қаланың Арбат аумағында ұйымдастырылды. 15 волонтер мамырдың соңғы күні астаналықтарға қуаныш сыйлады.
"Бүгін "Астана Жастары" ЖРО волонтерлары елорда тұрғындары мен қонақтарына Арбатта балаларды қорғау күніне орай мерекелік тәттілер мен ойыншықтар таратуда. Іс-шараның соңына дейін тұрғындарға жоспарланған 30 келі кәмпит үлестірілетін болады", – деді "Астана Жастары" жастар ресурстық орталығының волонтерлер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, мереке аясында елорданың аула клубтарында түрлі іс-шаралар, оның ішінде шеберлік сыныптары, концерттік бағдарламалар және т.б. ұйымдастырылатын болады.