Елордада Балаларды қорғау күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

764

Осы аптада Қазақстанда бірнеше атаулы күндер мен мерекелер атап өтіледі: 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Осы іс-шаралардың құрметіне орай елорданың мәдениет мекемелері кез-келген жасқа арналған түрлі іс-шаралар дайындап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Балаларды қорғау күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Елорданың мемлекеттік академиялық филармониясы 1 маусым күні сағат 19:00-де "Ертегілер әлемі" мерекелік концертін ұйымдастырады. 4 маусым күні сағат 17:00-де "Астана" залының сахнасында Нұржамал Үсенбаеваның еліміздің мемлекеттік рәміздеріне арналған "...Еркін өмір елім саған" атты шығармашылық концерті өтеді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астаналық цирк "Цирк – ғажайыптар елі" мерекелік бағдарламасына шақырады, қойылым 1 маусым күні сағат 10:00, 12:00 және 16:00-ге жоспарланып отыр.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу күні "Жастар" сарайы әлеуметтік желідегі аккаунттарында арнайы бейнеролик жариялайды. Күндіз сағат 10:00-де қалалық Амфитеатр сахнасында "BALAPAN ӘЛЕМІ" атты концерттік бағдарлама-фестиваль өтеді. 3 маусым сағат 11:00-де сарайдың концерт залында М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері "Братец Лис и братец Кролик" ертегісін қояды.

Сол күні сағат 19:00-де Амфитеатрда Қазақ ұлттық өнер университеті "ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ" концерттік бағдарламасын ұсынады. 4 маусым күні сағат 12:00-де осы сахнада "Жастар" сарайы концерт береді, сол сияқты "Academy Istina Dance" би академиясының тәрбиеленушілері есепті концертпен өнер көрсетеді. 5 маусым күні сағат 13:00 және 18:00-де "NOMAD" хореография академиясы да есеп береді.

1 маусым күні сағат 11:00-де горькийлықтар А.Болдиновтың "Приключения Аистенка" ертегісін көрсетеді.

1, 3-6 маусым күндері қуыршақ театрында бүлдіршіндер М.Аргимбаеваның "Мультфильмдер әлеміне саяхат" мюзиклін тамашалай алады.

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Nomad City Hall-да қайырымдылық іс-шарасы өтеді. 3 маусым күні сағат 16:00 және 20:00-де осы сахнада "КТА" ойыны өтеді.

Музыкалық жас көрермен театры осы аптада 6 қойылым көрсетеді: 31 мамыр мен 2 маусымда сағат 19:00-де "Шанель №5" деректі драмасын көруге болады. 1 маусым күні сағат 14:00-де "Күлше қыз" музыкалық ертегісін ұсынады, сол күні сағат 19:00-де "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы өтеді. 2 маусым күні сағат 11:00-де "Ғашық-жүрек" музыкалық-поэтикалық спектаклін тамашалауға болады. 3 маусым күні сағат 12:00-де "Табысты орын" әлеуметтік комедиясын, ал кешке сағат 19:00-де "Шәмші" мюзиклін көрсетеді.

1 маусым күні сағат 10:00-де "Наз" мемлекеттік би театры "Балалық шақ – балдәурен" концерттік бағдарламасына, ал 17:00-де "U-SANA" хореографиялық спектакліне шақырады.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дәстүрлі түрде түрлі танымдық және дамыту іс-шараларын дайындап отыр. 1 маусым күні № 2 бұқаралық кітапханада "Бала деген бір бақыт!" іс-шарасын, №5 бұқаралық кітапханада кітап көрмесі, "Родом из детства" балалар шығармашылығының инсталляциясы, № 7 бұқаралық кітапханада "Бала біздің бақытымыз" әдеби кеші, № 9 бұқаралық кітапханада "Балаларға арналған қызықты ойын-сауық сағаты ұйымдастыру" ойын-сауық сағаты, № 10 бұқаралық кітапханада "Бар мейіріміміз балаларға" мерекелік кеші, Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасында "Ашық аспан астындағы сурет галереясы", Халықаралық балаларды қорғау күнінде № 2 Балалар кітапханасында "Ах, эта дивная пора" ойын бағдарламасы, №3 балалар кітапханасында "1 маусым Балаларды қорғау күні" мерекелік кеші, №4 балалар кітапханасында "Корзинка вкусных загадок" әдеби-ойын-сауық ойыны және ""Украсим детство радугой любви!", №8 балалар кітапханасында "Пусть детство дивное смеётся!" іс-шарасы өтеді.

Сонымен қатар 2 маусым күні № 5 балалар кітапханасында "Қазақстан Республикасының рәміздері – ұлттық мақтаныш" танымдық ойынын ұйымдастырады. Түстен кейін № 12 бұқаралық кітапханада "Тарих аясындағы үш символ" атты тарих сабағы, №5 бұқаралық кітапханада "Елтаңба, Ту және Әнұран" геральдикалық эссе, №2 балалар кітапханасында "Елтаңба – егемендік айғағы!", 4 маусым күні № 4 бұқаралық кітапханада "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" атты патриотизм сабағы, №10 бұқаралық кітапханада "Менің рәміздерім – менің мақтанышым!" іс-шарасы ұйымдастырылады. Сол сияқты №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.
Біріккен мұражайлар дирекциясы да шетте қалмады. "Атамекен" Қазақстан Картасы" этно-мемориалдық кешенінде 1 маусым күні "Балалық балғын шақтар-ай" тақырыбында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылады, сол сияқты 3 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай дәріс өткізіледі. Ал 4 маусым күні дирекция Ақмол ауылының "Рухани жаңғыру" саябағында мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өткізеді.
5 маусым күні "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде "Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны" атты дәріс ұйымдастырылады. Сәкен Сейфуллин музейінде 1 маусымға дейін "Зобалаң құрбаны – Сәкен" атты көрме жұмыс істейді. 1 маусымда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлының "Балаларға балдай жыр" атты балаларға арналған өлеңдер жинағы таныстырылады. 3-8 маусым аралығында мұражайда "Рәміздер – тәуелсіздік белгісі" фотокөрмесі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу