Елордада балаларды тонау ісіне қатысы бар күдікті ұсталды

588

Полиция қызметкерлері пышақ пен ұрланған телефондарды тапты. 

Елордада балаларды тонау ісіне қатысы бар күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, астанада тұратын 27 жасар ер адам Конституция көшесімен би үйірмесінен үйіне қайтып келе жатқан 10 жастағы екі қыз баланы пышақпен қорқытып, біреуінің ұялы телефонын тартып алған. Осы жағдай туралы балалар ата-анасына хабарласа, тыныштық бермейтінін де айтқан.

"Сол күні кешке дәл осы көшеде спорт секциясынан үйіне қайтып келе жатқан 14 жастағы мектеп оқушысынан ұялы телефонды тартып алған. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс туралы полицияға ата-аналары хабарлады. Қылмыскерді іздеу үшін түр сипаты бойынша бағдар жасалып, Полиция департаментінің жеке құрамына жолданды. Іздеуге қатысқан учаскелік полиция инспекторы Нұржан Мұстафаев бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған өзінің әкімшілік учаскесіндегі тұрғындардың бірі екенін анықтаған. Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды. Қызметкерлер пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондарды тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы анықталуда", – дейді полиция департаментінде. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға кешкі уақытта үйіне қайтатын кәмелетке толмаған балаларды бірге алып жүруге кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу