"Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!". Елордада осындай атаумен балаларға арналған жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Оқушылар сарайындағы шараға 200-ден астам балалар үйінің тәрбиеленушісі, мүмкіндігі шектеулі балғындар мен түзету мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Оларға ертегілер елінің кейіпкерлері өнер көрсетіп, шоу-қойылым ұсынды. Әр балаға тәтті сыйлақтармен қатар, 100 мың теңгелік сертификат табысталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу