Елордада мас күйде рөлге отырған мотоцикл жүргізушісі анықталды

279

Сондай-ақ, ол жүргізуші куәлігінсіз рөлді тізгіндеген.

Елордада мас күйде рөлге отырған мотоцикл жүргізушісі анықталды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Патрульдік полицейлер сағат 02.50-де Қабанбай батыр көшесінде оқылмайтын нөмірлік белгімен жүрген Minsk Enduro мотоциклін байқаған. Жүргізуші мемлекеттік белгіні, артқы нөмірдің кейбір әріптері мен сандары көрінбейтін етіп орнатқан.

Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері 29 жастағы мотоцикл жүргізушісінен алкогольдің иісі шыққанын байқаған. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізілген. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес ол “жеңіл” дәрежеде мас болған. 

Сонымен қатар жүргізуші жүргізу куәлігінсіз мотоциклді тізгіндегені анықталды. Қазіргі уақытта сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу