Елордада бас шыршаның шамы жағылды

381

Шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты. 

Елордада бас шыршаның шамы жағылды  Фото: Астана қаласының әкімдігі

17 желтоқсан күні кешкі сағат 8.00-де Астананың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілген.

Айта кетейік, ЭКСПО аумағында өткен шырша жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қонақтарды "Жарты Ай адамы" түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнесіндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Еске сала кетейік, кеше елорданың 5 ауданында 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу