Елордада басталған аспазшылар жарысына 3 елден 50 маман қатысуда

1230

ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр.

Елордада басталған аспазшылар жарысына 3 елден 50 маман қатысуда

Фестиваль аспазшы мамандығының мәртебесін асқақтату үшін өткізіліп отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аспазшы күніне арналған фестиваль өз алаңында Қазақстан, Ресей мен Қырғызстаннан 50 қатысушыны жинады. Үздік маман атағы үшін кәсіби аспаздар мен колледж студенттері-аспазшылар бақ сынап жатыр.

Биыл бағдарламаға ұйымдастырушылар мектеп оқушылары мен студенттерге арнап тамақ әзірлеу туралы тапсырма енгізді.

ASTAUfest-2019 гастрономиялық фестивалі "Тағамтануды ұйымдастыру" мамандығын насихаттап, мәртебесін көтеруге, маман даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған.

Фестиваль барысында шетелдік серіктестер шеберлік сағаттарын өткізіп, оқу орындарымен бірлескен инновациялық жобалардың іске асырылу барысын айтып береді. Жарыс соңында "Арт-класс", "Шеф-кондитер", "Студенческий обед", "Шеф-повар", "Сервис класс" аталымдары бойынша үздік мамандар сыйлыққа ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу