Елордада бастауыш сынып оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

1458

Төбелескен оқушылардың сынып жетекшісіне тәртіптік жаза қолданылды.  

Елордада бастауыш сынып оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Елорда бастауыш сынып оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"18 қазан күні қаладағы #31 мектептің 4-сынып оқушылары арасында кикілжің туындап, арты төбелеске ұласқан. Балалар сынып жетекшісін шақырғаннан соң барлығы сыныпқа кіріп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сабақтарына оралды", – деді қалалық білім басқармасы.

Басқарма таратқан хабарламада айтылғандай, келесі күні мектеп әкімшілігі орын алған оқиға бойынша балалардың ата-аналары және мектеп психологінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

"Кездесу барысында ата-аналар зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, татуласуға келді. Ал екі оқушы мектепішілік есепке алынды. Сонымен қатар, келесі күні төбелестің зардап шеккен бір оқушы ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Зардап шеккен баланың ата-анасы ювеналды полицияға шағым жазды. № 31 мектептің әкімшілігіне оқушылармен жеке жұмыстарды күшейтуді және осы сыныпты қатаң бақылауға алу тапсырылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу