Жасылдар партиясы сайлауға 24 кандидат ұсынды

649

Елордада BAYTAQ жасылдар партиясының кезектен тыс съезі өтті. 

Жасылдар партиясы сайлауға 24 кандидат ұсынды Фото: el.kz

Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Партия кандидаттарының толық тізімі:

  1. Арман Қашқынбеков
  2. Айнұр Сәбитова
  3. Қайрат Айтбай
  4. Самат Жанат
  5. Владимир Мартель
  6. Сейдулла Исмаилов
  7. Айжан Сқақова
  8. Бекжан Нәлібай
  9. Нұртуған Тұржанов
  10. Болат Нұрғожаев
  11. Айтуар Туғанбеков
  12. Ержан Елекеев
  13. Нұрлан Көптілеуов
  14. Роман Ботабеков
  15. Лариса Жақсылықова
  16. Күлән Байзақова
  17. Мұрат Жәкиев
  18. Қазбек Майгелдинов
  19. Марал Көшенов
  20. Сапар Әбдірахметов

Тағы 4 кандидат мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға қатысады, олар – партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, Бақыт Исаев, Гүлзағира Әбдірайымова және Серікболат Мәженов.

Айта кетейік, биыл 19 наурызда елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған.

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу