Елордада Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жартылай жабық болады

710

Бейбітшілік көшесінде Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Елордада Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жартылай жабық болады

Жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Жол желісін орташа жөндеу аясында Бейбітшілік көшесінде Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде", – деп жазылған қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Осыған байланысты 21 маусым мен 5 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу