Осыған байланысты 23 мамырдан бастап 1 маусымға дейін Астанада Бейбітшілік көшесіндегі жолдың бір бөлігі толығымен жабылады, деп жазады inbusiness.kz.
"Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. 23 мамырдан бастап 1 маусымға дейін аталған учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады", - делінген iKomek таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу