Елордада Бекетай-Мәскеу көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады

300

Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.  

Елордада Бекетай-Мәскеу көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады Фото: inbusiness.kz

Астанада 10 тамыздан бастап 12 тамызға дейін Бекетай және Мәскеу көшелерінің қиылысында жол жөнделеді, деп жазады inbusiness.kz.

“Бекетай және Мәскеу көшелерінің қиылысында жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 10-12 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады”, - деп хабарлады басқарма.

Бұдан бөлек елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Еске салайық, осыған дейін Астанада бірқатар автобустың жүру бағыты өзгергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу