Елордада бес жылдың ішінде кемі 50 мектеп салынады

875

Былтыр бас қалада 6 мектеп жаңадан салынса, биыл 12 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. 

Елордада бес жылдың ішінде кемі 50 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында соңғы он жылда елорда халқының саны күрт өсіп, бүгінде 1 миллион 200 мыңға жеткенін, осыған сәйкес әлеуметтік нысандар да көбейгенін айтты. Осыдан он жылдай бұрын бас шаһарда оқитын оқушылардың саны 74 мың болса, биыл – 193 мың. Әкімнің болжамы бойынша, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 400 мыңға жетуі мүмкін.

"Оқушылардың көптігіне байланысты былтыр 8 мектеп үш ауысыммен оқитын, биыл мұндай мектептердің санын екі есеге азайттық. Биыл 12 мектепті пайдалануға береміз деп жоспарлап, оның жартысының құрылысы аяқталды. Енді алдағы бес жылда кемі 50 мектеп салыну жоспарланып отыр", – деді шаһар басшысы.

Қымбат Тоқтамұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу