Елордада бетон зауыты аумағында төбелес болып, екі адам көз жұмды

1163

Нұр-Сұлтан қаласындағы бетон зауыты аумағында топпен төбелес болып, ауыр жарақаттан екі ер адам мерт болды, деп хабарлайды елордалық полиция департаменті. 

Елордада бетон зауыты аумағында төбелес болып, екі адам көз жұмды

"22 желтоқсанда сағат 23.30-да "102" қызметіне Бетон зауытының аумағында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Төбелес салдарынан ауруханаға екі ер адам жеткізілді. Біреуіне кеуде тұсынан оқ тиген, екінші адам қарын тұсынан пышақ жарақатын алған. Екеуі де көз жұмды. Соңында оқ тиген 24 жастағы тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, ауыр дене жарақатын алып, қайтыс болған екі адам да Қызылорда облысының тумасы, бірінің жасы 39-да, екіншісі 44-те. 

Жанжал бір-біріне берген қарыздан туындаған. Оның соңы төбелеске ұласып,  араздасушылар бір-біріне оқ атып, пышақ жұмсаған. 

"Төбелеске қатысқан 11 адам анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу