Бүгін түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында бетон зауытының аумағында орналасқан асханада өрт болды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖД күшімен асханадан 4 газ баллоны шығарылды.
Қабылданған шаралармен 60 ш.м. алаңда өрт жойылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу