Елордада биіктігі 16 метр болатын сырғанақ ашылады

1886

Ол қаладағы ең биік төбешік болмақ.  

Елордада биіктігі 16 метр болатын сырғанақ ашылады

Шаңғы маусымы Тәуелсіздік күні қарсаңында ресми түрде ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда ҚР Тұңғыш Президенті күніне, елорданы Астанаға көшіру күніне және Тәуелсіздік күніне дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Әр мерекеге орай отшашулар, көрмелер мен концерттер сияқты мәдени бұқаралық іс-шараларды ашық және жабық алаңдарда өткізу жоспарланған.

"Біз ауданның аумағында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларға ерекше көңіл бөлеміз. Оларды қалада өтетін барлық іс-шараларға шақырамыз. Білім беру мекемелерінің барлығында ашық есік күндері өткізіледі. Мерекелерге дайындық жұмыстары ауданда қызу жүріп жатыр", - деді желтоқсан айында аталып өтілетін мейрамдарды мерекелеу тақырыбына арналған брифингте Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашапов.  

Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни 15 желтоқсанда өтетін "Алғашқы қар" шарасында шаңғы маусымы ресми түрде ашылады деп күтілуде. Бұл күні елорданың ботаникалық бағындағы, Триатлон саябағындағы, Президенттік және Жерұйық саябақтарындағы шаңғы трассалары өз жұмысын бастамақ.

"Қысқы демалысқа арналған барлық ашық алаңдар тегін болады. Олардың арасында мұз айдындары, сырғанақтар мен шаңғы трассалары бар. "Шабыт" шығармашылық сарайының алдындағы Тәуелсіздік алаңында қаладағы ең үлкен мұз айдыны ұйымдастырылады. Президенттік саябақта биіктігі 16 метрді құрайтын мұз төбешік қойылады. Ол қаладағы ең биік төбешік болса керек. Бұл – қала мен оның тұрғындарына арналған сыйлық. Біз барлық жұмыстарды 16 желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мектеп аумақтарында қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін барлық жағдай жасалады", - деді Тынысбек Арашапов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу