Елордада бір ай бойы Өзбекстан тауарлары саудаланады

2119

Жоба Қазақстан мен Өзбекстан елдері басшыларының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатыр

Елордада бір ай бойы Өзбекстан тауарлары саудаланады

"Самғау" СҮ-де қала тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы Өзбекстанннан әкелінген әр түрлі өнімдерді көтерме және бөлшек сауда бағаларымен сатып ала алады. Ассортиментте техника, маталар, азық-түлік тауарлары, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жоба Қазақстан мен Өзбекстан елдері басшыларының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманы қазақстандық  "Nur Group" компаниясы Өзбекстанның шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің экспортын қолдау қорымен бірлесіп іске асыруда. Ынтымақтастық жобасы өндірушілердің өз өнімдерін ұсынуы туралы тепе-тең негіздегі ұзақ мерзімдік қызметті қарастырады.

3 қарашада сағат 12:00-де елорданың ірі сауда орталықтарының бірі – "Самғау" СҮ-де Өзбекстан өндірушілері фирмалары өкілдігінің ресми ашылуы өтеді. Мұнда, сондай-ақ шеберлік сыныптарын өткізуге арналған Самарқанд, Бұқара, Түркістан қалалары мен басқа да ұйымдардың стендтері ұсынылмақ. Келушілер өз қалауы бойынша зергерлердің, қышшылар мен суретшілердің шеберлік сыныптарына қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу