Елордада бір аптада 200-ден аса карантин бұзу фактісі тіркелді

859

Қазіргі уақытта астанада мониторинг жасайтын 16 мобильді топ бар.  

Елордада бір аптада 200-ден аса карантин бұзу фактісі тіркелді

Нұр-Сұлтан қаласының мобильді топтары бір аптада 227 карантин ережесін бұзу фактісін тіркеді, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бір апта ішінде полицейлер, эпидемиологтар, волонтерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топ Нұр-Сұлтан қаласында 227 карантин тәртібін бұзу фактісін тіркеді.

Оның 146-сы маска тағу мен әлеуметтік қашықтықты сақтау сынды міндетті талаптар болса, 81-і тыйым салынған уақытта қызметін жалғастырған кәсіпкерлерге қатысты.

Қазіргі уақытта астанада мониторинг жасайтын 16 мобильді топ бар.

Полицейлер ойын-сауық орындары, қоғамдық тамақтану объектілері, сауна, монша, аттракциондарды тексеріп, олардың иелеріне карантин ережелері туралы ескертеді. Сонымен қатар карантин ережесін бұзу фактілерін анықтайды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындардағы ережеге жауапкершілікпен қарап, санитария талаптарын сақтауға шақырады.

Коронавирус таралмас үшін полицейлер мен волонтерлер тұрғындарға карантин тәртібін сақтау мен жеке қорғаныс құралдарын тағудың маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу