Елордада бір күнде заңсыз кальян шегудің 15 дерегі анықталды

152

Астанада учаскелік полиция инспекторлары түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізді. 

Елордада бір күнде заңсыз кальян шегудің 15 дерегі анықталды Фото: dymnyibro.ru

Іс-шара барысында Нұра ауданында полиция бір түнде 11 ойын-сауық мекемесін тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Нәтижесінде кальян шегуге тыйым салынған орындарда заңсыз кальян пайдаланған 15 азамат анықталып, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қоғамдық орындарда темекі және кальян өнімдерін пайдалануға жол бермеу.

Елордада жылдың басынан бері қоғамдық орындарда кальян шегуге қатысты 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.

Полиция азаматтарды қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырады және мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу