Елордада бір отбасы торттан уланып қалды

633

Бұған дейін "Happy Cake" сауда маркасының кремді-кондитерлік өнімдер шығаруға рұқсат құжаттарының жоқтығы белгілі болған еді.

Елордада бір отбасы торттан уланып қалды

Елордада бір отбасы торттан уланып қалды. Қалалық денсаулық сақтау департаменті тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Осы жылдың 15 сәуірінде елорданың инфенциялық ауруханасына асқынған ішек инфекциясымен 4 ересек және 1 жасөспірім (10 жаста) жатқызылды. Зардап шеккендер 14 сәуір күні "Happy Cake" дүкенінің тортын жегендерін айтады", – дейді департаменттен.

"Департамент бұған дейінде халықты "Happy Cake" сауда маркасының кремді-кондитерлік өнімдер шығаратын рұқсат етілген құжаттарының жоқтығы туралы хабардар еткен болатын. Осындай оқиғалардың орын алуына тағы бір себеп, кәсіпкерлік субъектілердің ашылған уақытынан бастап 3 жылға дейін тексеруден босатылғандығы ( шағым түспеген жағдайда). Осыған байланысты тұрғындардан кремді-кондитерлік өнімдерді (торт) сатып аларда, оның санитарлық-эпидемиологиялық құжатының болуын талап етуді сұраймыз", – деп департаменттің хабарлайды баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу