Елордада бір тәулікте 5 мың ПТР-тест алынады

678

Экспрес-тест адам ағзасындағы антиденені ғана анықтайды. 

Елордада бір тәулікте 5 мың ПТР-тест алынады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бас шаһарда коронавирус инфекциясын анықтайтын 8 зертхана бар екенін, олар тәулігіне 5 мың ПТР-тест сынамасын алатынын айтты. 

"Карантиннің басында тәулігіне 300 тест қана алынатын. Ұйымдастыру шараларының нәтижесінде көрсеткіш бірнеше есе өсті. ПТР тест көлемін арттыруға меценаттар көмектесіп жатыр", – деді Алтай Көлгінов.

Әкімнің мәлімдеуінше, экспресс-тестерге қатысты өте көп шағым түскен. Себебі экспресс-тест COVID-19 диагностикасына жарамсыз. Ол ауырып болғаннан кейін адам ағзасында пайда болатын антиденені ғана анықтайды. 

Адамның науқас немесе сау екенін ПТР-тест қана көрсетеді. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу