Елордада қала көшелерінің, жолдары мен алаңдарының қары мен мұзын күреу бойынша жұмыс тәулік бойы жүріп жатыр. Оған күн сайын екі мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бейсенбі күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қар полигондарына үш миллион текше метрден астам қар немесе 241 884 рейс шығарылды.
Сондай-ақ жолдар, тротуарлар және қала тұрғындары көп жүретін өзге де орындарға үнемі құм-тұз қоспасы себіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу