Коммуналдық қызмет жұмысшылары алаңдарды, саябақтарды, тынымбақтар мен қала көшелерін безендіріп, аумақтарды абаттандырмақшы, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Кәсіпорын директоры атап өткендей, коммуналдық қызметтің жұмысшылары елорда тұрғындарын қуантып, жайлылық жасауға дайын.
"Біздің елордамызды көгалдандыру бағдарламасы аясында "Астана-Зеленстрой" кәсіпорны ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлзарлар орнату бойынша заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Биыл 6 млн гүлзар отырғызуды жоспарлап отырмыз. Қалада бірқатар гүл композициялары жасалып, гүлдеріміз елорданың барлық аудандарын безендіреді. Оған қоса, ағаштарды отырғызу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде",– деп атап өтті кәсіпорын директоры Руслан Оралов.
Сондай-ақ, басшының айтуынша, барлық гүлзарлар отандық агроном-ғалымдардың қатысуымен өсіріледі. Жасыл желектердің барлық тұқымдары зертханалық зерттеулерден өтеді.