Осы уақытта Астанада термометр бағаны – 32 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты, бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін сабақтар онлайн форматта өтетін болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасындағылар) қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", - делінген Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу