Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

1239

Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Астанада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС хабарлады.

"19 қазанынан бастап, Ш.Айтматов пен Сарайшық көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылатындықтан № 17, 44, 61, 101 қоғамдық бағдарларының бағыты өзгертіледі", – делінген.

Атап айтқанда, № 17, 44 автобустары Қазақ технология мен бизнес университетіне дейін өзгеріссіз, одан әрі: Сарайшық - І. Омаров көшелері, Сығанақ - Ш. Айтматов көшелерімен жүреді.

Сонымен қатар № 61, 101 қоғамдық көліктері № 81 мектеп-лицейінің соңғы аялдамасына дейін өзгеріссіз, ал одан әрі І. Омаров - Сарайшық көшелері,  Ш. Айтматов - Сығанақ көшелері бағытында қозғалады.

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу