Елордада бірнеше автобус қозғалыс бағытын өзгертті

233

Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады.

Елордада бірнеше автобус қозғалыс бағытын өзгертті Фото: fotobus.msk.ru

Астанада ондаған автобустың қозғалыс бағытына уақытша өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалада жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты № 19, 28, 52, 54, 55А, 55Б, 66  бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

"Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №№ 26, 27, 29, 29А, 32 40, 42, 46, 202  бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу