Елордада бірнеше рет пәтер тонаған ұрылар ұсталды

870

 Ұсталғандар алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Кейін ломбардтарға тапсырған.

Елордада бірнеше рет пәтер тонаған ұрылар ұсталды

Астана полицейлері бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған ұрыларды ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізу барысында 39 жастағы екі ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, қаскөйлер ұрлықты көбінесе кілтті іріктеу арқылы жасаған.

"Есіктерге тез ашылатын құлып орнатылған пәтерлерді таңдаған. Пәтерде үй иесінің бар-жоқ екенін тексеру үшін есіктерін қағып анықтаған. Ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін олар тұрғын үйге кірген. Ұсталғандар алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Кейін ломбардтарға тапсырған. Олар ұрлық жасағандарын теріске шығармайды. Қазіргі уақытта ұсталғандар пәтер ұрлықтарының алты эпизоды бойынша күдік келтіруде", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Полицейлер олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысының бар-жоқ екенін тексеру үстінде. ​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу