Елордада биыл 10 проблемалық тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

1607

Елордадағы прооблемалық "Баспана-Көктал" тұрғын үй кешенін аяқтайтын мердігер анықталды. Бұл кешеннен пәтер алуды 500 адам күтіп жүр.

Елордада биыл 10 проблемалық тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, үй төрт жыл бұрын проблемалық деп танылған. Құрылыс салушының сөзіне сүйенсек, үйді әрлеу бойынша ішкі жұмыстар көктемде басталады. Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізіледі. 

Шаһар әкімі Алтай Көлгінов бүгін таңертең кешенге барды. Қала әкімі Алтай Көлгінов ТК құрылысының барысы үнемі қадағалауда болатынын атап өтті.

"Ең бастысы, мердігер анықталды. Мемлекет ақша бөлді. ТК құрылысын "Елорда құрылыс" компаниясы қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аяқтайтын боламыз. Суық түскенге дейін бірінші кезекте үйдің шатыры бойынша жұмыстарды аяқтау керек. Қолдарыңызда үйді электр энергиясына, сумен жабдықтауға және су бұруға қосу құжаттары, сондай-ақ, аумақты абаттандыру жобасы болуға тиіс", – деді Алтай Көлгінов.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан бар (76 үй). Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу