Елордада биыл 13 мемлекеттік мектептің құрылысын аяқталады

685

Сондай-ақ 20 мың орынға шақталған 19 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған.

Елордада биыл 13 мемлекеттік мектептің құрылысын аяқталады

Нұр-Сұлтан қаласында жинақы құрылыс салу жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар 23 іс-шарадан және 543 жобадан тұрады. Биыл қаланы газдандырудың І кезеңін іске асыру жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Елорданы газдандыру туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндап шықты.

Ал тұрғын үй құрылысы, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов бандама жасады. Оның айтуынша, ұзындығы 15,1 шақырым болатын автожолдарды, ұзындығы 84 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды – электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, су тарту және нөсерлік кәріз жүйесі желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Тұрғын үй алаптарын дамыту бағдарламасы бойынша – абаттандыру, мектептер, емханалар салу және т. б. жобалар іске асырылады.

Бүгінде қалада 3 млн-нан астам м2 тұрғын үй салынып жатыр. Жыл басынан бері 637 мың м2 пайдалануға берілді. Биыл 10 мың орынға шақталған 13 мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау, сондай-ақ 2021-2022 жылдары пайдалануға беруді көздеумен 20 мың орынға шақталған 19 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланған. Қосымша 20 мың орынға шақталған 10 мектеп МЖӘ тетігі бойынша салынады. Құрылыстарды биыл тамыз айында бастау жоспарланған, мектептер 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін пайдалануға беріледі. 

Премьер-министр құрылыстардың жоспарланған көлемін қамтамасыз етуге, тұрғын үй, мектеп және басқа да әлеуметтік нысандарды пайдалануға беруге, сондай-ақ қаланың сумен қамту және абаттандыру проблемаларын шешу қажеттігіне баса назар аудартты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу