Биыл елордада коронавирус жұқтырған 57 жүкті әйел аман-есен босанды

1112

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорданың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңес өткізді. Кездесуде халықты жаппай вакцинациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл елордада коронавирус жұқтырған 57 жүкті әйел аман-есен босанды

Кеңеске қатысушылар қазіргі эпидемиологиялық жағдайды, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың болуын, сондай-ақ халықты КВИ-дан жаппай вакцинациялау жұмыстарын талқылады.

"Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОО-лардағы мобильді орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар етті. Екпе алғысы келетіндер қатары 1,5 есеге артты. Дәрігерлер науқастарды емдеу жолында басынан кешкен оқиғаларын әңгімеледі. Жақында КВИ-мен ауыр күйде түсіп, өкпесі 99% зақымданған жүкті науқас емделіп, №2 көпсалалы қалалық ауруханадан шығарылды, жүрек жетіспеушілігі және басқа да ауруы бар науқастар емделіп, бұрынғы өміріне қайта оралды. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды", – деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруды, тұрғындар арасында вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізуді, халықты вакцинациялауға жазу бойынша call-орталықтардың жұмысын күшейтуді, кадрлар мәселелерін бақылауға алуды, сондай-ақ медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектердің бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу