Астанада биылғы жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді. Аталған отбасыда бұған дейін де егіз дүниеге келген болатын. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
№ 3 перинаталдық орталықта биыл алғашқы үшем дүниеге келді.
"19 ақпанда кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем – екі ұл, бір қыз дүниеге келді. Олардың салмағы – 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм", – дейді перинаталдық орталықтан.
Жас ана мен үшемнің денсаулығы жақсы болғандықтан бүгін үйіне шығарады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу