Елордада БҚО мен Жамбыл облысының 405 тонна өнімі саудаланады

708

Ұйымдастырушылардың айтуынша, баға нарықтағыдан 15-20% төмен болады.

Елордада БҚО мен Жамбыл облысының 405 тонна өнімі саудаланады

12-13 қыркүйекте Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Екі облыстың фермерлері елордаға 400 тоннадан астам өнім әкеледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 204 тонна көкөніс, 92,8 тонна ет, 30 тонна шұжық, 12,5 тонна сүт өнімдері, 55 мың дана жұмыртқа, 21,5 тонна ұн және макарон өнімдері, 6 тонна кондитерлік өнімдер, 5 тонна қант, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жемістер және т.б. әкелінеді.

Бағалар нарықтағыдан 15-20% төмен болады. Мысалы, сиыр етін 1700 теңге/кг, қой етін 1900 теңге/кг, жылқы етін 2000 теңге/кг сатып алуға болады.

Барлығы 445 миллион теңгенің 405 тонна өнімін сату жоспарланған.

Жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап: маска тағып, арақашықтық сақтауы және міндетті түрде антисептик қолдануы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу