16-20 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі" халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылатын дүбірлі доданың ашылу салтанаты 16 шілдеге жоспарланған. Сол күні ерлер арасындағы алғашқы кездесулер өтеді. 17-18 шілде күндері ширек финал, 19 шілдеде жартылай финал бәсекелерінің куәсі боламыз. 20 шілде күні жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталмақ.
Турнирге 12 команда қатысады. Атап айтар болсақ, Қытай, Үндістан, Болгария, Ресей, Алжир, Филиппин, Сирия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан боксшылары жұдырықтасады.