Ертең Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге елордадағы 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады. Қала тұрғындары назарына 1000-нан аса жұмыс орны ұсынылады.
Жұмыспен қамту орталығы төмендегідей көмек түрлерін ұсынады: қала тұрғындарын бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жастар тәжірибесіне жолдама беру, ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқытуды ұйымдастыру.
Бос жұмыс орны жәрмеңкесі 26 шілде күні сағат 10:00-13:00 аралығында "Жастар сарайы" ғимаратында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу