Елордада бүгіннен бастап СОО, кафелер мен мейрамханалардың жұмыс тәртібі өзгерді

977

Бүгін, 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта елорданың бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібі жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада бүгіннен бастап СОО, кафелер мен мейрамханалардың жұмыс тәртібі өзгерді

Жаңа қаулыға сәйкес, дәріханалардан, азық-түлік дүкендерінен, байланыссыз жолмен қызмет көрсететін нысандардан және Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпкерлік нысандарының көпшілігінің жұмысына тыйым салынғанн.

Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен қала орталықтарына кіру тек Ashyq жүйесіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл нысандардың жұмыс кестесі — таңғы сағат 7-ден 20:00-ге дейін. Сонымен қатар, сенбі және жексенбі күндері бұл нысандардың жұмысына тыйым салынады.

"Фудкорттар жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынған. Ал дүйсенбі-жұма күндері адам санын 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей алады. Жұмыс және демалыс күндері сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін тамақ жеткізуге және өзімен алып шығуға рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар мен ұтыс ойындарын (онлайн-форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады", – делінген қаулыда.

Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындары — мейрамханалар, кафелер, кофеханалар, асханалар орналасқан жеріне қарамастан тамақ жеткізу немесе алып шығу қызметтерін көрсете алады. Ashyq жобасына қатысушыларға тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бұл ретте мекеменің ішінде және ашық ауада толтырылуы 50 пайыздан аспауы керек, бірақ орындар саны 50-ден асып кетпеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу